Семейлік дін қызметкерлері Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің қабіріне зиярат жасап, Құран бағыштады.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде жастар ұлт мүддесі үшін күресіп, әділдік талап етті. Сол үшін талай жастар жазықсыз жапа шегіп, қыршынынан қиылды. Сондай қаһармандардың бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.
Желтоқсан көтерілісі батырларын еске алу мақсатында Семей Қос мұнаралы Орталық мешітінің наиб имамы Бекзат қажы Баешов бастаған жергілікті дін қызметкерлері қала іргесіндегі мұсылман қорымында жерленген Қайрат Рысқұлбековтың бейітіне зиярат жасап, рухына Құран бағыштады.
«Елінің ертеңі үшін Тәуелсіздік жолында жанын қиған есіл ерлердің есімі ешқашан ұмытылмайды. Дәстүрімізге сай, үнемі дұғамызға қосып, рухтарына Құран бағыштау, Алладан мейірім тілеу, өткенге салауат айту – баршымыздың міндетіміз» дейді семейлік дін қызметкерлері.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
alashdin.kz
19.12.2020
3304
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру