Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Зияткер имам» аймақтық форумы өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 15.12.2020 3419 0 пікір
Шымкент: «Зияткер имам» аймақтық форумы өтті

Шымкент орталық мешітінде елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн форумында қабылданған құжаттарды насихаттау мақсатында «Зияткер имам» атты аймақтық имамдар форумы ұйымдастырылды.

Форум жұмысын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов жүргізіп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Форумда қабылданған құжаттардың маңыздылығына айрықша тоқталды.

Бұдан кейін қалалық мешіттің наиб имамдары Қазыбек Сарыбаеав «Ас беру мәдениеті», Мұхамеджан Естеміров «Зияткер имам» және Жансейіт Қалманов «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттарын таныстырып, баяндама жасады.

Сондай-ақ форум қорытындысы бойынша, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы аталған құжаттарды жұртшылық арасында кеңінен насихаттау жайлы нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру