«Рухани жаңғыру» жобасы аясында, дін мен дәстүрді дәріптеу мақсатында Маңғыстау облыстық дін істері басқармасы және облыстық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына арналған «Алланың өзі де рас, сөзі де рас…» атты онлайн рухани ән-жыр кеші өтті.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Құдайбергенұлының ізгі тілегімен басталған рухани іс-шара «Сөз бен саз» бағдарламасының 34-ші саны аясында көрсетілді.
Қазақтың даңқты жазушысы, ғұлама ғалымы Мұхтар Әуезов бір сөзінде қаймана қазақтың өзге дінге өтпей, өз мұсылмандығын бекем ұстап қалуының бір себебін ақындарымыздың дін насихаттаудағы ерен еңбегімен байланыстырады. Бүгін осы сөз айқын көрініс тауып, күміс көмей, жез таңдай ақын-жырауларымыздың өнері арқылы жат ағым жетегінен жастарымыздың бойын аулақ ұстау үшін заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүріміз бен ата дініміздің сабақтастығы дәріптеліп, тарих таразыланып, мәдени мұрамыз бір жаңғырды.
Кеш соңында ҚМДБ-ның Маңғыстау өңірі бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы рухани кештің өтуіне мұрындық болған облыстық дін істер басқармасына, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына, Маңғыстау ТВ телеарнасының ұжымына, Қазақстан халық Ассамблеясының басшылығына, сонымен қатар іс-шараның өміршең болуына атсалысып, қол ұшын берген барша азаматтарға, барлық өнерпаздарға рахмет айтып, алғысын білдірді.
Бұдан бөлек, осынау кеш үшін, Нұр-Сұлтан қаласынан ат терлетіп, арнайы келген Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы, жыршы-профессор Амандық Көмекұлына ерекше алғыс білдірді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
14.12.2020
3680
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру