Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Сұлтан: Форумда қабылданған құжаттармен танысты

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 14.12.2020 3819 0 пікір
Нұр-Сұлтан: Форумда қабылданған құжаттармен танысты

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымын «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» және «Зияткер имам» құжаттарымен таныстырды.

Халық арасында орындалатын діни рәсімдерді бірізділікке келтіріп, зияткер имамның келбетін қалыптастыруға бағытталған бұл құжаттардың қоғам берекесін арттырып, алға жетелей түсері сөзсіз. Ысырапшылдық пен мақтанқұмарлықтан тыйып, шариғат талаптарына сай ас беру, зират көтеру, зиярат жасау мәдениетін қалыптастырудағы басты қағидаларды қамтыған бұл құжаттардың дін қызметкерлеріне де тигізер көмегі көп болмақ. Бас имам Ерболат Жүсіптің бастамасымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымына аталмыш құжаттар таныстырылды. Мешіт қызметкерлері аталмыш құжаттармен жекелей танысып, ондағы көрсетілген қағидалар мен талаптарға қатысты ортақ ой қорытты. Бас имам Ерболат Жүсіпов аталмыш құжаттар бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, жылдық жоспар аясында жаңа жобалар бекітілді.

Сондай-ақ, бас имам аталмыш үш құжат бойынша алдағы уақытта өкілдік жиналысы аясында елорда мешіттерінің қызметкерлерімен бірге талқылау жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетелік, имамдардың IV республикалық онлайн-форумын мыңға жуық дін қызметкері онлайн режимде тамашалап, ел ағалары мен зиялы қауым мүшелері, қоғам қайраткерлері арнайы қатысқан болатын. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру