Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: 300 түп ағаш отырғызылды (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 14.12.2020 3502 0 пікір
Шымкент: 300 түп ағаш отырғызылды (ФОТО)

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті және қала әкімдігінің ұйытқы болуымен орталық мешіт ауласына ағаш отырғызылды.

Игі іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов және қалалық «ЛТД Тұрмыс» ЖШС мамандары қатысып, 300 түп ағаш отырғызылды.

Бұл ағаштың бір ерекшелігі атауының қасиетті Құран Кәрімнің «Ясин» сүресінің атауы берілген екен. Сондай-ақ бұл жаңа сұрыпты «Ясин» ағашының қасиеті жазда саясы қою және қоршаған ортаға оттегі молынан бөлініп, пайдасы орасан болмақ.

Ал мамандар бұл жаңа сұрыпты ағашты күздің аяғы, қыс мезгілінің басынан отырғызу қажет екендігін атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру