Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Арқалықтағы қайырымдылық

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 12.12.2020 2828 0 пікір
Қостанай: Арқалықтағы қайырымдылық

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің әр аймағында «Қайырымдылық керуені» акциясы өтіп жатыр. Осынау шара Арқалық қаласында жалғасын тапты.

Арқалықтағы «Қайырымдылық керуені» акциясы кезінде қаладағы 30 мұқтаж отбасына және көпбалалы аналарға азық-түлік қоржыны табыс етілді.

Игі іс-шараға демеушілік жасаған жомарт жандарға «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Дархан Исламбекұлы шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді. Оларға мықты денсаулық, отбастарына бақыт, шадыман-шаттық тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру