Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет қаладағы бір жарым ғасырлық тарихы бар «Айтбай» мешітін зиярат етті.
Облыс әкімінің орынбасары мешіт ауласындағы дәрісхана мен кітапханаға арналған ғимарат құрылысымен танысып, зайырлы мемлекеттегі, мәдениетаралық және конфессияаралық келісімді сақтауда, егемен елдің дамуына өз үлесін қосып жүрген сала өкілдерін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттады. «Сіздерді алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Сонымен бірге биыл Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Дін – адамзат пен қоғам үшін мәдени өркениеттің маңызды ошағы. Сондықтан ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тұрақты дамуы жолында қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауда Сіздердің де еңбектеріңіз ерен» деді облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлына, «Зекет» қорының өңірдегі өкілі О.Жидебаевқа, «Айтбай» мешітінің имамы Д.Құрманбаевқа мерекелік марапат табысталды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
12.12.2020
3437
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру