Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің жанындағы әйел-қыздар бөлімінің ұйымдастыруымен шәкірт қыздар арасында Құран жарысы өтті.
Жарыс ережелеріне сай қасиетті Құранның «Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа, мәнерлеп оқу керек болатын. Аталған шарттардан сүрінбей өткен қатысушылар әділ қазылар тарапынан үздік деп танылып, жарыс нәтижесі бойынша орындар келесідей бөлінді:
1-орын – Дәулетәлі Ақбота, 2-орын – Оңдаған Нұрай, 3-орын – Элимжан Ақбота.
Жүлделі орын алған шәкірттердің әрқайсысына арнайы диплом, үлкен картина және ҚМДБ тарапынан мақұлданған Айша (р.а.) анамыз жайлы кітап табыс етілді. Қалған барлық қатысушыларға алғыс хат пен ҚМДБ тарапынан мақұлданған, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызы хазіреті Фатима (р.а.) жайлы кітап сыйға берілді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
11.12.2020
3511
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру