Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау имамдары «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 09.12.2020 2993 0 пікір
Маңғыстау имамдары «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Маңғыстау мешіттерінің бірқатар қызметкерлері ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Пандемия кезінде халықтың денсаулығын жақсарту және мұң-мұқтажын тыңдап, дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізу үшін талмай тер төккендерге марапатты Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ә.Байпақов тапсырды.

«Елімізде ғана емес, әлем мемлекеттерінде орын алған коронавирус ауруымен күресте белсенділік танытып, азаматтық ұстаным тұрғысынан бейжай қарамай, күн демей, түн демей атқарған еңбектеріңізге алғыс айтамын!» деді Ә. Байпақов.

Мемлекет басшысы атынан берілген медальге ие болғандардың қатарында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамдары Ахлиддин Асқар, Еркеғали Әлбетов, Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Қажымұқан Тілеумағанбетов пен баспасөз хатшысы Анар Шамшадинова бар.

Еске салайық, пандемия кезінде де Маңғыстау өңірінің мешіттері барынша белсенділік танытып, қайырымдылық жұмыстарына ерекше ден қойды. Онлайн дәрістер арқылы халықты рухани нәрмен қандырса, қайырымдылық іс-шаралары арқылы мұқтаж отбасыларға материалдық тұрғыдан (азық-түлік себеттері, киім-кешек, қаржылай көмек) жәрдем көрсетті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру