Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау имамдары жылды қорытындылады (ФОТО)

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 09.12.2020 2844 0 пікір
Маңғыстау имамдары жылды қорытындылады (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Елжановтың төрағалығымен өңірге қарасты мешіттердің жылдық есеп беру жиналысы өтті.

Қорытынды жиналысқа облысқа қарасты мешіттердің имамдары түгел қатысып, Ақтау, Жаңөзен қалалары мен 5 аудан (Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған) мешіттерінің бас имамдары 2020 жылы атқарылған іс-шаралар есебі бойынша баяндама жасады. ҚМДБ тарапынан бекітілген есеп үлгісіне сай, мешіттер ұсынған қорытынды ақпараттар презентация түрінде көрсетілді.

Өздерінің есептері барысында имамдар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан берілген тапсырмаларға сәйкес, дәстүрлі 4 бағыт бойынша: уағыз-насихат жұмысы (онлайн және офлайн форматтағы іс-шаралар, БАҚ-мен жұмыс), оқу-ағарту бағыты (Құран курстары, медресе қызметі және т.б.), қайырымдылық шаралары («Бір аптада – бір игі іс», «Көшпелі керуен» және т.б.), теріс ағым және олардың өкілдерімен жұмыс, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай атқарылған жұмыстар, мешіт жанындағы еріктілер топтарының қызметі және өзге де бағыттар бойынша толық әрі нақты ақпарат берді.

Жиын соңында келесі жылы жұмыс жоспарына қатысты имамдардың ұсыныстары мен пікірлері ортаға тасталды. Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жылдың жалпы есебін жариялап, имамдар жұмысының кемшілік тұстарын атап өтті.

ҚМДБ-ның Маңғыстау өкілдігінің жыл бойы атқарылған жұмыстарына байланысты, ерекше белсенділік танытқан имамдар мен дін қызметкерлеріне облыс бас имамы атынан арнайы «Алғыс хат» беріліп, марапатталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру