Қызылорда облысының бас мешіті «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр имамдарының алқалы жиыны өтті.
Аймақтың бас имамы Болатбек Абуовтың төрағалығымен өткен қорытынды жиында өңір мешіттерінің ҚМДБ бекіткен төрт бағыт бойынша бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасалып, нәтижелері бағаланды.
Жыл қорытындысына сәйкес, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің мұрындық болуымен 30 жылдық мерейтой аясында 700-ге жуық қайырымдылық шарасы ұйымдастырылса, офлайн (карантинге дейін) және онлайн уағыз-насихат жұмыстары жүргізіліп, дәрістер өткізілді. Жат ағыммен күрес бағыты бойынша да нәтижелі жұмыстар атқарылып, діни мамандандырылған білікті кадрлар қатары толықты.
Жиынға Қызылорда облыстық «Дін істері басқармасының» басшысының міндетін атқарушы Қ.Жанұзақов қатысып, облыс әкімі Г.Әбдіхалықованың алғысын жеткізді.
Жиын соңында Б.Ұласқанұлы пандемия уақытына қарамастан, асыл дініміздің насихатталуы мен ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен дін қызметкерлеріне ризашылығын білдіре отырып, өкілдік тарапынан дайындалған «Үздік ауыл имамы», «Үздік ағартушы имам», «Үздік қаламгер имам», «Үздік насихатшы имам», «Үздік блогер», «Үздік үйлестіруші имам», «Үздік іскер имам», «Үздік ерікті имам», «Үздік әуезді қари», «Үздік әуезді азаншы», «Үздік белсенді имам» номинацияларын, облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарын табыстады.
Сонымен қатар, «Жыл имамы 2020» дәрежесіне лайық деп танылған Арал ауданына қарасты Қарақұм ауылдық мешітінің имамы Құлтас Тілеулесұлы жас та болса бас болып, игі жобалардың ұйытқысы бола білгені үшін ерекше құрметке бөленіп, кіші қажылық жолдамасымен марапатталды.



























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
09.12.2020
3596
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру