Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен мешіт имамдар арасында ұжымдық жəне корпоративтік рухты көтеруге бағытталған шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.
Ойынға бес команда қатысты. Атап айтар болсақ, «Ақмешіт», «Абай», «әл-Фараби», «Еңбекші» және «Қаратау» командалары ойын көрсетті. Лига ойындары қыркүйек айынан бері жалғасуда. Əр маусым бір айға созылады. Алғашқы екі маусымда «әл-Фараби» ауданының командасы чемпион атанса, өткен аптада аяқталған маусымның чемпионы «Абай» тобы атанды.
«Тимбилдинг – имамдар арасында ұжымдық рухты, ауызбіршілік пен ұйымшылдық жəне тапқырлық пен белсенділікті арттыратын бірден бір жол» деді Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов.
Сондай-ақ қала имамы кезекті чемпиондарды құттықтап, лига кубогін табыстады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
08.12.2020
3083
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру