Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Шығармашылық байқау қорытындыланды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 08.12.2020 3067 0 пікір
Семей: Шығармашылық байқау қорытындыланды

Мәуліт айының құрметіне Семей өңірлік «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен  шәкірттерге онлайн режимде сира сабақтары өтті.

Сабақ нәтижесінде бір ай мерзім ішінде сира кітабы бойынша ынталы оқырмандарға «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) – көркем үлгі-өнеге иесі» тақырыбында  шығармашылық бәйге жарияланған болатын.

Шығармашылық бәйгеге қала және аудандардан қатысқан еріктілер кітап оқу барысында көңілге түйген ойларын, алған әсерлерін көркем сөзбен қағаз бетіне түсіріп, жүректен шыққан өлең жолдарын да арнады.

Семей өңірі бойынша бас имам Асқар Әбітайұлы қатысушыларға ынталандыру сыйлықтарын табыстап, мешітте ұйымдастырылып отыратын игі шараларға қатысып белсенділік танытқандары үшін білім жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі. Жазылған ең үздік шығармалар мақала болып шығарылады. Аудандардан болған қатысушыларға сыйлықтар пошта арқылы жіберілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру