Қарағанды облысына қарасты Октябрь ауданында «Төлеутай ата» мешітінің бас имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Аймақтың көмекке мұқтаж, жағдайы төмен жеті отбасына азық-түлік үлестіріліп, жәрдем көрсетілді. Игі іс-шара мешіт жамағаты мен жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асты.
Алла Тағала Құранда: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер» («Хаж» сүресі, 77-аят), «(Кімге) қандай жақсылық жасаған болсаңдар, Алла тағала оны шүбәсіз біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят) деген. Жаңа мешіттің алғашқы тынысын қайырымдылық шараларын іске асырумен бастаған мешіттің бас имамы берекелі бастамаға қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
08.12.2020
3351
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру