ҚМДБ «Зекет» қорының Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жылу сыйла», «Үміт сыйла сәбиге» акциялары аясында Сырдария ауданы Шаған ауылында тұратын көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді.
Смайыловтар отбасы – жеті бала тәрбиелеп отырған үлкен шаңырақтың бірі. 2019 жылы дүниеге келген сүт кенжесі туғалы «Spina bifida» диагнозымен ауырып келеді, арқасы мен ішкі құрылыстарында «жарық» (грыжа) бар, небәрі 1 жыл ішінде жеті рет ота жасалған.
Шаған ауылына арнайы барған Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы отбасының жай-күйімен танысып, кішкентай сәбиге Алладан шипа тіледі. Кіріс қаражаттары балаларының емінен ауыспайтын отбасыға 2 тонна көмір түсіріп, азық-түлік пен балаларға арналған сыйлықтар тарту етті. Бас имам алдағы уақытта да имамдар тарапынан қолдау көрсетіліп, бүлдіршіннің еміне көмек берілетінін жеткізді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
08.12.2020
2550
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру