Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Құрық ауылындағы қайырымдылық

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 08.12.2020 3208 0 пікір
Маңғыстау: Құрық ауылындағы қайырымдылық

Маңғыстау облысының Қарақия ауданы Құрық ауылдық мешіті жанындағы «Фирдаус» еріктілер тобы кезекті қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Апта сайын жүзеге асатын «Әр жұма 500 теңге садақа» игі жобасы аясында құрбандыққа 1 түйе сойылып, еті мұқтаж отбасыларға үлестірілді.

Қайырымдылық акциясында 27 жанұяға құрбандық етінен бөлек, арнайы дайындалған азық-түлік себеттері де үлестірілді.

«Сауапты шараның бас-қасында болып, атсалысып, қол ұшын берген Құрық ауылының кәсіпкер азаматтары мен тұрғындарына алғыс айтамыз! Алла разы болсын!» дейді қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырушылар.

 

  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру