Ғасырлық тарихы бар Ақтөбе қалалық мешітіне қызметке жаңадан имамдар тағайындалды.
Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан Бас Мүфтидің бұйрығын оқып, ғибадатхананың жаңа қызметкерлерін жамағатқа ресми түрде таныстырды. Бас имам ҚМДБ жарғысына сәйкес Талғат Сейдәлиев пен Абат Жалимов Ақтөбе қалалық мешітінің наиб имамдары болып тағайындалғанын айтып, олардың жұмысына сәттілік тіледі. Тарихи мешітте жаңа қызметке тағайындалған діни қызметкерлердің біліміне біліктілігі сай келеді.
Талғат Ілесбекұлы 1992 жылы Түркістан қаласында туып-өскен.
2010-2011 ж.ж. «Түркістан» медресесінің дайындық бөлімінде оқыған.
2011-2014 ж.ж. «Шымкент» медресесін «Исламтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2016-2019 ж.ж. Түркия Республикасы Дін істері басқармасына қарасты діни тереңдетілген «Хасеки» академиясында білімін шыңдаған.
Еңбек жолын 2014-2015 ж.ж. Атырау қаласында «Әт-Тақуа» мешітінің ұстазы болып бастаған. 2019-2020 ж.ж. Түркістан облыстық орталық «Қожа Ахмет Яссауи» мешітінің наиб имамы, Түркістан қалалық «Игілік ата» мешітінің имамы болды. Отбасылы, бір баланың әкесі.
Абат Мейірханұлы 1983 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
2003-2005 ж.ж. Түркістан қаласында «Қазақ-Араб» университетінің «Дінтану» факультетінде білім алған.
2006-2010 ж.ж. Алматы қаласында «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін «исламтану» мамандығы бойынша оқып бітірген.
Еңбек жолын 2005-2006 ж.ж. Ақтөбе қаласындағы «Нұрдәулет» мешітінің азаншысы болып бастаған. Одан кейін 2010-2011 ж.ж. Қарғалы ауданындағы «Досжан хазірет» мешітінің имамы, 2011-2013 ж.ж. «Нұрдәулет» мешітінің имамы, ал 2013-2016 ж.ж. Алға ауданы, Бестамақ ауылында орналасқан «Ақтөбе» медресесінің ұстазы болды.
2016 жылдан күні бүгінге дейін «Нұрдәулет» мешітінде қызмет атқарды. Отбасылы, екі ұлы мен бір қызы бар.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
07.12.2020
3417
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру