«Рухани жаңғыру» жобасы аясында, дін мен дәстүрді дәріптеу мақсатында Маңғыстау облыстық дін істері басқармасы мен облыстық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына арналған «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» атты онлайн рухани ән-жыр кеші өтеді.
Бұл рухани кеште:
– Бойына біткен ақындық дарынын дінді насихаттауға арнаған ақын-жырауларымыздың рухани мұрасы қайта жаңғырады.
– Елімізге танымал Жеткізген Сейтов, Бердібай Тойғұлиев, Бақтыбай Елеусінов, Арғын Бисенов, Болатбек Байпақов, Бүркіт Елбаев, Сұңғат Баймұратұлы, Эльвира Есназар, Жігер Бектұрған, Бақдәулет Толыбекұлы, Оспан Құлсымақ, Мағжан Жұмабай, Райымбек Түзелов, Аманбек Сәуірбаев, Ахмет Байекешов, Темірбек Асқанбаев, Болат Бисенқұл, Орынжан Селбаев, Жақсыбек Барлыбаев, Болат Шәулиев, Ғалымжан Жолдасбай және «Самға» тобы өнер көрсетеді.
– Кештің құрметті қонағы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы, жыршы-профессор Амандық Көмекұлы.
– Кеш жүгізушілері Бердіхан Әлмен және дінтанушы Марат Себасов.
Іс-шараның басты мақсаты: Жат ағым жетегінен жастарымыздың бойын аулақ ұстау үшін заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүріміз бен ата дініміздің сабақтастығын дәріптеу, тарихты таразылап, мәдени мұраны берік сақтау болып табылады.
Рухани шара Маңғыстау телеарнасындағы қазақ ақын-сазгерлерінің ән-жырлары мен күйлерін насихаттауға арналған «Сөз бен саз» бағдарламасының 34-ші саны аясында өтеді.
Өтетін орны: Ақтау қаласы, 34-ші шағын аудандағы Қазақстан халқы ассамблеясының залы.
Өтетін уақыты: 8 желтоқсан, сағат 9:30 – 14:00.
Тікелей эфирден тамашалаймыз десеңіздер, «Сөз бен саз» бағдарламасының ютуб каналы мен облыстық «Бекет ата» мешітінің @beket_ata.kz инстаграм парақшасына қосыла аласыздар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
07.12.2020
3234
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру