Атырау облысының орталық «Иманғали» мешітінде өткен рухани кездесуге жергілікті дін мамандары және облыстық полиция департаментінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы исламда мәзһаб ұстанудың маңызы туралы атап өтті.
«Қазақ халқы ықылым заманнан ислам дінін, Әбу Ханифа мәзһабын ұстанып келген. Бұл мәзһаб біздің ділімізбен, дәстүрімізбен ұштасып жатыр. Дінге келген адам білімді болуы қажет. Білімді мешіттерден, медрселерден алған дұрыс» деді А.Ұтысханұлы.
Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев шетелде отырып, өзін-өзі шейх деп жариялаған күдікті адамдардың пәтуасына иланудың соңы – азап екендігін айтты.
«Терроризм бабымен істі болғандардың дені интернеттен ілім іздеп, адастырушылардың соңынан ергендер. Интернет ілім көзі бола алмайды. Бұл сөзімді Сирия асып, азап шеккендер тағдыры да қуаттай түседі» деді Х.Көшқалиев.
Жазасын өтеп шыққандар жас өмірлерін адасумен өткізгендеріне өкінетіндерін айтты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
06.12.2020
3015
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру