Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығы ғимаратында Әкелер кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы да қатысып, ата-ананың Исламдағы дәрежесі мен жауапкершілігі жайлы насихат айтты.
«Әке көрген оқ жонар» тақырыбында өткен облыстық Әкелер кеңесінің кезекті отырысына көпбалалы әке, құрылысшы, тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Хакімжан Елеусіновты тәрбиелеген әке Мектепхан Елеусінов, көпбалалы әке, журналист, «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Дәурен Сейітжанұлы, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының басшысы Жандос Тусмагамбетов сынды өнегелі әкелер қатысып, отбасы институтын және әкелердің отбасылық тәрбие берудегі рөлін нығайту мәселесі талқыланды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
05.12.2020
3559
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру