Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: 30 жылдыққа орай 30 кісіге зекет үлестірілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 03.12.2020 2296 0 пікір
Ақтөбе: 30 жылдыққа орай 30 кісіге зекет үлестірілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Осынау игілікті шараға «Зекет қорының» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли арнайы қатысты. Ол өңірдегі қайырымдылық шараларының тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев сөз сөйлеп, карантин кезінде әлеуметтік жағдайлары өте төмен, аз қамтылған, жәрдемге мұқтаж отбасыларға қаржылай көмек көрсетіліп отырғанын атап айтты. Оның ішінде көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер бар.

Бас имам Н.Шәкизадаұлының ұйытқы болуымен өткен қайырымдылық шарасында ақтөбелік жеке кәсіпкердің атынан бұл күні 33 отбасының әрқайсысына 100 мың теңгеден жалпы құны 3 миллион 300 мың теңге қаржылай көмек үлестірілді. Мұның барлығы мешіт ұжымдарының, жалпы жамағат пен жергілікті жомарт жандардың ауызбіршілігі мен көмегінің нәтижесінде жүзеге асқан игілікті істер болды. Қайырымдылық шарасының соңында ақ орамалды ана жиналған көпшілікке батасын берді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру