Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде қайырымдылық мақсатында 50 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылды.
«Соңғы айларда Ақтау қалалық мешітіне келіп, көмек сұрайтындардың қатары көбейді. Осыған орай арнайы комиссия құрылып, мешіт қызметкерлері көмек сұраушылардың үйлерін аралап, отбасылардың жәй-күйін көзбен көрді. Комиссияның мақсаты – жұмыс істеуге мүмкіндігі бар азаматтарды мешіт тізіміндегі мұқтаж отбасылар санатынан шығарып, аса мұқтаж көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектесуді ұйымдастыру» дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Құрбанбек Абдалиев.
Қайырымдылық аясында ұн, күріш, қант, ет, шай, май және макарон өнімдері тұрмысы төмен отбасыларға жеткізілді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі
03.12.2020
2789
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру