Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайық имамдары жылды қорытындылады

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 02.12.2020 2303 0 пікір
Ақжайық имамдары жылды қорытындылады

Орал қаласының облыстық орталық мешітінде имамдардың 2020 жылдың қорытынды есептік жиналысы болып, оған қала, аудан имамдары қатысты.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев сөз алып, төрт бағыт бойынша әр ауданның жылдық есебі тыңдалды. Сондай-ақ қала, аудан имамдары да есеп берді.

Жиында бас имам Мұратбек Мұхтарханұлы имамдар жұмысының кемшін тұстарын да атап көрсетті.

Сонымен қатар ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай жыл бойы имандылық жолында аянбай еңбек еткен Тасқала аудандық мешітінің бас имамы Айдын Ибрашев, Ақжайық аудандық мешітінің бас имамы Ерлан Әйтенов, Сырым аудандық мешітінің бас имамы Әділхан Наурызбайұлы облыс имамының алғыс хатына ие болды. Жиында 2021 жылға арналған жоспар да пысықталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру