Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас имам – Жаңақорғанда

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 02.12.2020 2715 0 пікір
Қызылорда: Бас имам – Жаңақорғанда

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында ауданға қарасты кент және ауыл мешіттерінде қызмет атқарушы имамдармен жолығып, сұхбат жүргізді. Кездесуде 30 жылдық аясында ұйымдастырылған шараларға шолу жасалып, ҚМДБ бекіткен төрт бағыт: діни сауат ашу, қайырымдылық, уағыз-насихат және жат ағыммен күрес бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жиын соңында, аталмыш бағыттар бойынша жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар атқарылуын, оның ішінде теріс ағыммен күрес бағытына баса назар аударылуын тапсырды.

​Бұдан кейін Болатбек Ұласқанұлы күрделі жөндеуден өтіп жатқан аудандық мешіт пен «Қум Саһаба» мешітінің жұмыс барысымен танысты.

Сондай-ақ бас имам Жаңақорғанға жасаған сапарында ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының бастамасымен өтіп жатқан «Көшпелі керуен» қайырымдылық акциясына арнайы қатысты. Болатбек Ұласқанұлы аыл имамдарымен бірге тұрмысы төмен 40 отбасыға азық-түлік қоржындарын табыстады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жаңақорған аудандық мешітінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық керуенінен көмек алған мұқтаж отбасылар демеушілік жасаған аудан және ауыл имамдарына ризашылықтарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру