Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас имам мерекелік медальмен наградталды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.11.2020 2081 0 пікір
Қызылорда: Бас имам мерекелік медальмен наградталды

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Наушақызы ел игілігіне қызмет етіп жүрген азаматтарды «Қазақстан Конституциясының 25 жылдығы» медалімен марапаттады.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығына сәйкес, марапатқа лайық деп танылған азаматтар арасында Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы да бар. Аймақ басшысы егеменді елдің дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегі зор екенін атай келіп, Тәуелсіздікті тұғырлы етуде Ата заңның берік темірқазыққа айналғанын айтты.

«Осыдан 25 жыл бұрын Елбасы бастамасымен егемен еліміздің Конституциясын қабылдау халықтың таңдауына берілді және қазақстандықтар оны бірауыздан қолдады. Ата Заңымыздың арқасында біз халқымыздың әл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамыта алдық, Ұлы Дала төрінде қуатты мемлекет құрып, ұлттарды бірлік пен тату тірлікке ұйыстыра білдік» деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру