Түркістан облысының Кентау қаласына қарасты С.Қожанов ауылында ескі ғимараты сүріліп, жаңасы салынған «Сұлтанбек Қожанов» мешіті пайдалануға берілді.
Жаңа нысанда ерлер мен әйелдерге арналған бөлек-бөлек намазхана, дәретхана, асхана орналасқан. Қос мұнаралы мешіт қазақы нақышта әрленді.
Құрылысы екі жылда аяқталған мешіттің ашылуына Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді қатысып, демеушілерге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, бас имам мешіт жанынан бой көтеретін қайырымдылық мекемесінің алғашқы капсуласын салды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
26.11.2020
3796
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру