Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: 2 отбасы баспаналы болды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 26.11.2020 469 0 пікір
Қызылорда: 2 отбасы баспаналы болды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барған облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы 2 отбасына баспана кілтін табыстады.

ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі пәтерге» акциясының 331, 332-баспаналарының кілті үй иелеріне салтанатты түрде берілді. Бұл – жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша беріліп отырған 17-баспана. Бұдан бөлек «Көшпелі керуен» қайырымдылық акциясы аясында тұрмысы төмен 40 отбасыға азық-түлік қоржынын табысталды.

Сондай-ақ «Көшпелі керуен» қайырымдылық акциясы Шиелі ауданында жалғасты. Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен аудандағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік қоржыны таратылып, 8 мұқтаж отбасыға 4 тонна көмір жеткізілді. Науқас сәбиге үміт сыйлау мақсатында дәрі-дәрмек алуға қаржылай көмек берілді.

Жұмыс сапарымен аудандарды аралаған облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы осындай игі шараларға қатысып, тұрғындармен жүздесті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі