Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Діни оңалту бөлімінің есебі тыңдалды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 25.11.2020 852 0 пікір
Шымкент: Діни оңалту бөлімінің есебі тыңдалды

ҚМДБ Шымкент орталық мешітінде өткен жылдық қорытынды есеп беру мәжілісінде қалалық Діни оңалту бөлімінің жетекшісінің атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.

Дәлірек айтқанда, қалалық «Діни Оңалту» бөлімінің жетекшісі Дастан Желеуов бастаған 18 маман-дінтанушы имамдардан құралған топ мүшелері күрделі жат ағым мүшелеміне 210 рет жеке кездесу және 57 рет онлайн ұйымдастырып, нәтижесінде 40 жат ағым өкілдері ата дінімізге оралып, бейімделіп, райнан қайтты.

Топ мүшелерінің арнайы 8 мақаласы және республикалық 3 семинарына қатысып, және 12 аймақтық семинар жұмыстарын ұйымдастырған.

Осындай жұмыстарды атқарып жүрген топ жетекшісі мен топ мүшелеріне Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан шипажайға жолдама мен 30 мың теңге көлемінде қаржылай ынталандыру сыйын тапсырып, алғыс хаттармен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі