Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Ауыл молдаларын оқыту курсы басталады

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 25.11.2020 627 0 пікір
Тараз: Ауыл молдаларын оқыту курсы басталады

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде бос орындарға тағайындалатын ауыл молдаларының жиналысы өтті. Шараны ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен наиб имамы Ғалымбек Жапек жүргізді.

Дін маманының білім деңгейі турасында өткен бас қосуда ҚМДБ жүргізіп отырған саясат жайы түсіндірілді.

«Дін мәселесін дұрыс түсініп, дұрыс жеткізу аса маңызды. Алдағы уақытта мешіттерге молдалар ауылдың сайлауымен емес, аудан имамының ұсынысымен, Бас мүфтидің бұйрығымен тағайындалады» - деп Бейбіт Әліпбекұлы діни біліктіліктің басты талап болып отырғанын жеткізді.

Дін мамандарын қызметке тағайындау алдын олар емтихан тапсырады. Сынақ барысында тек діни білім ғана емес, заң және басқа да салаларды білуі ескеріледі. Рухани бағыттаушы саналатын имам-молдалардың жан-жақты болмағы керек. Халықтың ішінде діни рәсімдерді дұрыс жүргізе алуы, жаназа мәселесінде халыққа дұрыс қызмет көрсету керек.

Осыған байланысты ұйымдастырылып отырған бір апталық молдалар курсында  ислам тарихы сынды пәндерден сабақ жүргізіледі. Осы аралықта қатысушылар білімдерін шыңдап, қажетті құжаттарды басшылыққа тапсырады.

Молда қызметіне таңдалған адамның тек білімі ғана емес, 10-11 жылдық мектепті бітіргендігі, орта, жоғарғы оқу орны туралы дипломы, медициналық анықтамасы, психологиялық жағдайы, барлығы қаралады. Сонымен қатар тағайындалушының талаптарға толық сай болуын ҚМДБ өзі жіті қадағалайды. 

Осындай қатаң талаптар түсіндірілген жиында діни қызметтің жауапкершілігі, құндылығы тілге тиек болды.

Күні ертең басталғалы отырған дәрістердің маңызы мен жоспары беріліп, молдаларға тапсырмалар жүктелді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі