Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қайырымды шаңырақ» жомарт жандардың басын қосты

ummet.kz 24.11.2020 460 0 пікір
«Қайырымды шаңырақ» жомарт жандардың басын қосты

«Нұр Астана» мешітінде дәстүрлі «Қайырымды шаңырақ» акциясы аясында 50 отбасыға азық-түлік қоржыны таратылды.

Игі шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов, Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы қатысты.

Қолы ашық, жүрегі жұмсақ жандардың демеушілігімен жүзеге асқан шара барысында елорда мешіттерінің қызметкерлері азық-түлік қоржындарын мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізіп берді.

Қасиетті Құран Кәрімде «Кімде-кім мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады» («Зілзала», 7) делінеді. Ендеше мешіт ұжымы атынан ізгі амалға атсалысып, тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарға қол ұшын созған әрбір азаматтың Алла кәсіптерін береке етіп, ырысын арттырсын деп тілейміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі