Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола имамдары жылды қорытындылады

nasihat.kz 24.11.2020 2263 0 пікір
Ақмола имамдары жылды қорытындылады

Ақмола облысы аудандары мен қалаларының имамдары жылды қорытындылаған жиналыстарын өткізді. Өздерінің жыл бойы атқарған жұмыстарын саралап, алда қолға алар міндеттерін нықтады.

Жиында Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит биыл аяққа оралған кедергілер көп болса да, оған мойымау керектігін айтты. Елді иманға ұйыту жайы бір сәт толастамауы қажеттігін атап өтті.

«Биылғы жыл оңай болған жоқ. Пандемия дерті мешіттердің де есігін тарс жауып, діни рәсімдер өткізуге тоқтау салды. Соған қарамастан қамыққан жандарға қол ұшын беріп, ізгілік таныту шаралары керісінше жандана түсті. Қаншама мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмектер көрсетілді. Ал жаман кесел асқынған тұста жергілікті денсаулық сақтау мекемелеріне миллиондаған теңгенің медициналық құрылғылары мен дәрігерлік бұйымдары сатылып әперілді. Діни насихат жұмыстары әлеуметтік желілер арқылы жан-жақты қолға алынды. Қашықтан қаншама семинарлар мен дөңгелек үстелдер, уағыздық дәрістер жүргізілді» деп атап өтті Ақмола облысының бас имамы.

Сондай-ақ Қуаныш Сәбит өңір имамдарына алда жұмысты қашықтан жүргізудің жаңаша жолдарын қарастыруды тапсырды. Бұл ретте мешіт әрқашан ізгілік пен мейірімділіктің ошағы болып қалатынын ұмытпау керектіні атап өтті. Және әлеуметтік желілерде діни бірлестіктер туралы заң талаптарын бұзып алмау, қоғамға оғаш ақпараттарды таратуға жол бермеу жағына аса мұқият болуды қатты ескертті. Бұдан бөлек алдағы жылы мүфтияттың негізгі бес бағыт жұмысын өз ырғағында жүргізу жөнінде пікір алмасып, ой бөлісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру