Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысының қасапшыларына онлайн семинар өтті

halaldamu.kz 24.11.2020 2124 0 пікір
Алматы облысының қасапшыларына онлайн семинар өтті

«Халал Даму» мамандарының ұйымдастыруымен Алматы облысындағы қасапшыларға онлайн оқу-семинар өткізілді.

Семинарда «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл, ветеринариялық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев дәріс оқыды. Алматы облысы бойынша жауапты өкіл Жұмабеков Жанәбілдің бақылауындағы «Алатау құс» және «Otan Green food» құсфабрикасының қасапшылары мен жеке қасапханалардың мамандары қатысты.

Елдегі эпидемологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде өткізілген семинарда мал мен құстың жем-азығына қойылатын шариғат талаптары, мал бауыздау тәртібі, міндеттері және әдебі жөнінде айтылды. Мал етін харам қылатын шариғатта бекітілген жағдайларды талдау жүргізіліп, арам еттің адам денсаулығына тигізетін кері әсерлеріне тоқталды.

Айта кетейік, еліміздің әр өңірінде «Қасапшылық жауапты һәм сауапты – іс» жобасы бойынша шариғат және стандарт талаптарына сай мал сойып, қызмет көрсететін қасапшыларды оқыту қолға алынған болатын. Қазіргі таңда 492 қасапшы «ҚМДБ халал» куәлігіне ие. 

IMG_9993.JPG

IMG_9998 (1).JPG

WhatsApp Image 2020-11-23 at 17.13.41.jpeg

IMG_0004.JPG

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру