Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам Жаңаөзен мешіттерін аралады (ФОТО)

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 23.11.2020 2802 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам Жаңаөзен мешіттерін аралады (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Жаңаөзен қаласына арнайы барып, жергілікті ғибадат үйлерінің жылу маусымына дайындығымен танысты.

Аталмыш іс-сапар барысында, жақында ғана Жаңаөзен қаласының бас имамы болып тағайындалған Юнус Қадырқұлұлы Әнуар Ізімбайұлына шаһар мешіттерінің жай-күйіне байланысты өзгерістер мен қысқы маусымға дайындығы жайлы баяндап берді.

Жаңаөзен мешіттерінің тұрмыс-тіршілігімен танысқан бас имам Әнуар Ізімбайұлы, сондай-ақ, Рахат ауылдық «Рахат Ислам» және Қызылсай ауылдық «Мұханмедин Шихыұлы» мешіттерінің жанындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, қыс мезгілінің жақындап қалуына байланысты дін қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру