Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖӘКЕН ОМАРОВ ҚАЗАҚША МӘУЛІТТІҢ ҮШІНШІ БӨЛІМІН ЖЫРЛАДЫ (ФОТО)

azan.kz 22.11.2020 2874 0 пікір
ЖӘКЕН ОМАРОВ ҚАЗАҚША МӘУЛІТТІҢ ҮШІНШІ БӨЛІМІН ЖЫРЛАДЫ (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласында «Адамзаттың асылы – Мұстафа» атты рухани онлайн Мәуліт кеші өтті.

Мәуліт кеші Ерсін қари Әмірінің Құран оқуымен басталды. Бұдан кейін белгілі ақын, сазгер Жәкен Омаров екі жылдан бері эксклюзив деп танылған қазақша мәуліттің үшінші бөлімін жырлады. 

Жәкен Омаров 2018 жылы орындап бастаған қазақша мәуліт жырында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келуі мен қырық жасқа (пайғамбарлыққа) дейінгі өмірін баяндаған еді.  

Былтыр, яғни 2019 жылғы Мәуліт жыры алғашқы уахидың келуінен (пайғамбарлық миссияның басталуы) бастап Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеде дінді жаюы, сахабалардың Ислам дініне кіруі, Миғраж сапары, соңында мүшріктерден қысым көргені және Мәдинаға қоныс аударуымен аяқталған-ды. 

Ал биылғы Мәуліт жырында Жәкен Омаров Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына келуінен бастап Бәдір шайқасына дейінгі кезеңді жырлап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.  

Алла бұйырса, келер жылғы мәулітте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Бәдір шайқасынан кейінгі өмір тарихы жырланады.

Жәкен Омаровтың 2018 жылы жырлаған қазақша мәуліттің бірінші бөлімі:   

Жәкен Омаровтың 2019 жылы жырлаған қазақша мәуліттің екінші бөлімі:   

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру