Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Ауыл емханасына оттегі концентраторы табысталды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 20.11.2020 2340 0 пікір
Атырау: Ауыл емханасына оттегі концентраторы табысталды

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Исатай ауданына жұмыс сапарымен барып, Жанбай ауылына арнайы ат басын тіреді.

Мұнда аяқталуға жақын жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

«Қазіргі уақытта мешіт құрылысы тәмамдалуға жақын. Имам үйі және дәретхана құрылысы жалғасуда. Сапар аясында мешіт құрылысымен танысып, ондағы жұмыстарды ыждағаттылықпен аяқтау туралы тапсырмалар берілді» дейді А.Ұтысханұлы.

Сапар аясында бас имам Жанбайдағы жергілікті емханаға арнайы барып, онда оттегі концентраторын табыс етті. Медициналық құрылғыны қабыл алған дәрігерлер пандемия жағдайында мұндай аппараттардың қажеттілігі жоғары екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, Алтынбек Ұтысханұлы Хамит Ерғалиев ауылына арнайы барып, онда мешіт жанынан салынып жатқан тахаратхананың құрылысын көріп шықты.
Сапар туралы толығырақ бейнематериалда жарияланады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру