Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірі: Жақынына жылу сыйлады

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 20.11.2020 2198 0 пікір
Алматы өңірі: Жақынына жылу сыйлады

Алматы өңірі бойынша «Зекет» қорының ұйымдастыруымен Қарасай ауданында «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық іс- шарасы өтті.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында 50 көп балалы және мұқтаж отбасыларына азық-түлік таратылды.

Осы сауапты іс-шарадағы негізгі мақсат – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесу. Азық-түліктің барлық түрі қарастырылып, атап айтсақ күнбағыс майы, макарон, қант, ұн, шай, күріш сияқты күнделікті тұтынатын қажеттіліктер таратылып берілді.

Жиын соңында қайырымдылық сауапты амалға қаржылай және өз мүмкіншілігіне сай үлесін қосқан жомарт азаматтарға облыстық «Зекет» қоры өкілдері атынан алғыс айтылып, ізгі тілек білдірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру