Талдықорған қалалық «Тәубе» мешітінде өңірге қарасты аудан-қала бас имамдарының жылдық қорытынды есебі тыңдалды.
Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлы әр аудан-қала имамдарынан Діни басқарманың негізгі 5 бағыты (мешіт жұмыстары, уағыз-насихат, қайырымдылық, ақпарат, ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай атқарылған шаралар) бойынша есеп алды.
Сондай-ақ пандемия кезінде аянбай еңбек еткен имамдарға алғыс айтып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру