Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Мешіт жамағаты футбол турниріне қатысты

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 19.11.2020 2412 0 пікір
Ақтөбе: Мешіт жамағаты футбол турниріне қатысты

ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Ержан Мизамовтың ұйымдастыруымен «Салауатты жамағат» атты мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир өтті.

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай өткен турнирдің салтанатты ашылуына «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли арнайы қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

«Ақтөбе» медресе колледжінде өткен футбол жарысына Ақтөбе қаласы мешіттерінің жас жамағаттары мен имамдарынан құралған 7 команда қатысты. Турнирдің ерекшелігі – әр мешіттің командасы басқа мешіттерден келген ойыншылармен араласып ойын көрсетті. Аталмыш шараны өткізудегі мақсат – мешіт жамағаттары арасында тығыз байланыс орнату, жат ағымдардан сақтандыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондай-ақ,  мұсылманшылыққа тән сабырлылық пен көркем мінезді ойын кезінде де сақтауды үйрету.

Сайыс соңында ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев, Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан, Ақтөбе облыстық Дін істер басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев және «Ақтөбе» медресе колледжінің директоры Әбдімүтәліп Дәуренбеков жеңімпаздарды марапаттады.

Бірінші орынды Ақтөбе қалалық орталық мешітінің командасы ұтып алса, екінші орынды Сүлеймен ата мешітінің командасы жеңіп алды. Ал әс-Сәлам мешітінің командасына үшнші орын бұйырды. Бұдан бөлек Айсұлтан Сапар – үздік қақпашы, Серікбол Оразғалиев – үздік шабуылшы, Самғат Салауат – үздік қорғаушы, Еркінбек Елемесов үздік ойыншы атанды.

Жеңімпаз командалар қаржылай сыйақыларының бір бөлігін «Ақтөбе» медресе колледжіне қайырымдылық көмек ретінде берді. Осылайша Ақтөбе имамдары мен жамағаттары салауатты өмір салтын ұстана отырып, жамағат арасындағы бірлік пен татулықтың озық үлгісін көрсете білді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру