Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: «Пайғамбарға сағыныш» викторинасы өтті

asyldin.kz 19.11.2020 2978 0 пікір
Тараз: «Пайғамбарға сағыныш» викторинасы өтті

Баршаға үлгі болған Ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) еске алып, салауат айту мақсатында ҚМДБ Жамбыл облыстық өкілдігінің Әйел-қыздар секторы инстаграм әлеуметтік желісінде викториналық ойын ұйымдастырды.

Іс-шараны сектор жетекшісі, мешіт ұстазы Гүлжан Алдасаева мен «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев жүргізді. Ең әуелі «Мәуліт мерекесі не үшін керек? Оны атап өту дұрыс па? Мәуліттің тарихы қандай?» деген сауалдарға жауап беріліп, сауалат айтудың артықшылығы жайлы насихат айтылды.

Оқырманға Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен сұрақтар қойылып, берілген жауаптарға дін мамандары тарапынан толықтырулар жасалды. Қиын сауалдарға жауап берген 4 жүлдегерге ақшалай жүлде берілсе, басқа да белсенді көрермендерге кітап сыйға тартылды.

Әлеуметтік желіге жиі кіретін жастар үшін мұндай онлайн шаралар қызықты. Сондай-ақ діни сауатты болуға шақырады. Мұны осы викторинаға қатысқан көпшілік те растады. Бұл ойын Ардақты елші (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жайлы мол мағұлмат берудің ең қызықты әрі ұтымды әдісі болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру