Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: ДІНИ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУГЕ ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 18.11.2020 2261 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: ДІНИ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУГЕ ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен Маңғыстау өңірінің имамдары үшін біліктілікті арттыру форум-семинары басталды.

Іс-шараның шымылдығын облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы, қари Асқар Ахлиддин қасиетті Құран аяттарымен ашты.

Аймақтық деңгейде өтіп жатқан іс-шараға Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Қойшиев, Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы және Ақтау, Жаңөзен қалалары мен облыстағы 5 аудан (Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған) мешіттерінің имамдары, қызметкерлері түгел қатысты.

Біліктілікті арттыру шарасын ҚМДБ-ның Маңғыстау өңірі бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ашып, жүргізіп отырды.

Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Мұқанғалиұлы және Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы арнайы дәрістер оқып, имамдарға ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған негізгі құжаттар жайлы, пәтуа берудің жауапкершілігі, жат ағым идеологиясының қоғамға қаупі, жат ағым өкілдерімен жұмыс жүргізу, діни оңалту аясында қолданылатын әдіс-тәсілдер сияқты маңызды мәселелер туралы тұщымды ақпарат берді.

Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Шахзадаұлы болса өңіріміздегі діни ахуалды тілге тиек етіп, діни оңалту бағыты бойынша іс шаралар жайлы айтып өтті.

Өз кезегінде облысымыздағы қала, аудан бас имамдары ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар жайлы баяндамалар жасады.

Өңіріміздің имамдары аталмыш семинар барысында спикерлерге көптеген сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар мен тың мәліметтер алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру