Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Мәуліт жыры оқылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 18.11.2020 2914 0 пікір
Ақтөбе: Мәуліт жыры оқылды

Жыл сайын ардақты Пағамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде үлкен концерт залдарда аталып өтетін еді. Алайда, биыл пандемияға байланысты Мәуліт кешін бұлай атап өту мүмкін болмай отыр. Осыған орай, Бас мүфти бастамасымен еліміздегі мешіттерде онлайн форматта ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған мәуліт жырлары оқылып, сансыз салауаттар айтылуда.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Мәуліт жыры оқылды. Шара кіріспесінде «ол қандай жан еді» атты монологты имамдар кезек-кезек оқыды. Содан соң «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов құран аяттарымен бастап, мәуліт жырын бас имам Төлеби Оспан, қалалық мешіттің наиб имамы Шынболат Үмбетов және «Қайырқожа» мешітінің имамы Сұңғат Сәметов оқып шықты.

Мәуліт жырынан соң қасиетті Құран аяттары оқылып, ардақты Алла Елшісіне, Оның отбасына және барша марқұмдарға сауабы бағышталды. Елімізді індеттен арылтып, жамағат намаздарын оқитын күнге жеткізе гөр деп тілек жасалды.

Сонымен қатар ютуб желісіндегі «Нұр Ғасыр» мешітінің каналында Мәуліт жырының қазақша аудармасы субтитрмен берілгенін айта кеткен жөн.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру