Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Медресе шәкірттері «Азан сайысына» қатысты

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 18.11.2020 2893 0 пікір
Павлодар: Медресе шәкірттері «Азан сайысына» қатысты

Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірге келген қасиетті Мәуліт айының құрметіне Павлодар облысындағы «Әбу Бәкір Сыддық медресе» колледжінің шәкірттері арасында «Азан сайысы» өтті.

Шараға үш курстың студенттері де қатысып, бақ сынасты. Алдымен «Әбу Бәкір Сыддық медресе» колледжінің директоры Нұрсеит Абдумталиұлы және «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы Елбек Қожамұратұлы Мәуліт айының қадір-қасиеті жайлы насихат айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Медресе ұстазы Қуаныш Серік шәкірттерді сайыс ережесімен таныстырып, азанның маңыздылығы жайлы айтып берді.

Жарысқа барлығы 13 студент қатысып, көркем дауысы және әуезді мақамымен оқ бойы озып шыққан 3 студентке жүлделі ақшалай сыйлықтар табысталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай-ақ, жарысқа қатысушы барлық шәкіртке ынталандыру сыйлықтары беріліп, естелік мақтау қағаздары ұсынылды.

Осылайша, қасиетті Мәуліт айында Ислам дінінің ең маңызды рәміздерінің бірі – Азанның үні әуелеп, медресе шәкірттерінің рухы серпіліп қалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру