Жамбыл облысында қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде теріс діни ағымдармен күрес күшейді. Облыс әкімдігі жанындағы Дін проблемаларын зерттеу орталығы жазасын өтеуші азаматтар арасында радикалдық діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шараларға мән беріп отыр. Бұл жайлы Azattyq Rýhy хабарлады.
«2020 жылдың маусым айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігі КММ-нің тапсырысы бойынша Жамбыл облысы ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтармен жұмысқа айырықша мән беріп отыр. Аталған шараларға облыстағы жоғары білімді, білікті теолог, дінтанушы, исламтанушы мамандар тартылды. Мамандар тарапынан, жазасын өтеп жатқан азаматтардың бойына имандылық, тәртіп, кішіпейілдік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту мақсатында «Иман мен исламды кеңінен түсіндіру», «Матруди сенімін баяндау», «Уақыттың қадірі», «Діннің мақсаты – халифат құру емес», «Адамдарға зиян берудің қатері», «Ислам – ынтымақ діні», Матруди ақидасы» және т.б. діннің өзекті тақырыптарында 150-ге жуық кездесулер өткізілді» делінген хабарламада.
Жоба авторлары сотталушылар арасындағы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына Нұр-Мүбарак университетінің докторанты Нұржан Стамбакиев, «Ақ-ниет» ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығының теологы Таңат Тілманбетов, Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, РАНТ мүшесі Мақсат Қайырғалиев, Павлодар облыстық конфессияаралық қатынастарды дамыту және сараптау орталығының директоры Гүлназ Раздықова сынды елімізге белгілі, тәжірибесі мол мамандар қамтылды.
Дін ғалымдары мен психологтар жазасын өтеушілерден тыс қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен де жеке кездесулер өткізіп, теріс ағымның кесірі туралы дәрістер оқыды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
azattyq-ruhy.kz
17.11.2020
4109
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру