«Мәуліт – ізгілік айы» акциясы барысында Өскемен аймағы мешіттері арасында көптеген ізгі бастамалар қолға алынды.
Осыған орай Ұлан аудандық «Мұса баба» мешітінің бас имамы Зауатбек Сайлауұлы бірқатар имамдарды марапаттады.
«Мәуліт мерекесі қарсаңында және ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай қайырымдылық шаралары мен ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысқан «Мұса баба» мешітінің екі қызметкеріне 30 000 теңге көлемінде ақшалай марапат жасап отырмыз» дей келіп, қызметіне сәттілік тіледі.
Бас имам сонымен қатар бірқатар ауыл имамдарына да қайырымдылық қолдау көрсетілгенін хабарлады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
17.11.2020
2705
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру