Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Жомарт кәсіпкерлер марапатталды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 17.11.2020 2464 0 пікір
Қостанай: Жомарт кәсіпкерлер марапатталды

Қостанай облысы Денисов ауданына қарасты Фрунзе ауылындағы «Аят» намазханасына күрделі жөндеу жүргізілді. Намазхананың кәріз жүйесі жаңартылып, дәрет алатын орын жасалды.

Сондай-ақ намазхананың ауласы қоршалып, асханаға қажетті бұйымдар алынды. Әрине мұндай игілікті істер жанашыр азаматтардың қолдауының арқасында іске асатыны анық. Осындай сауапты іске мұрындық болып, демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге Денисов ауданының бас имамы Руслан Маратұлы алғыс хат тапсырды. «Аят» намазханасының молдасы Болат Кәрімжанұлы да демеушілік көрсеткен азаматтардың жұмысында толағай табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру