Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді. Көмек беруге қашанда дайын болыңдар, дұғаларың қабыл болады» деген. Зекеттің түрі көп, соның бірі – ұшыр.
Ұшыр – егін мен жеміс өнімдерінен беріледі. ҚМДБ «Зекет» қорының Қарағанды облысындағы жауапты өкілі Мұхит Жаримбетов пен облыстық «Әнет баба» мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 6 тонна ұшыр жиналып, әрбір көмекке мұқтаж отбасыға бір қаптан пияз, картоп және сәбіз үлестірілді.
Қыс мезгіліне орай өз уақытына сай ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде жүзеге асып, көптеген отбасыға қуаныш сыйлады. Қысқы азық үлестірілген отбасылар қатарында көпбалалы, жалғызбасты аналар, жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Осындай игі істі ұйымдастырған облыстық мешітке және «Зекет» қоры өкіліне тұрғындар зор алғыс айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
17.11.2020
3072
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру