Жамбыл облысының орталық мешіті «Һибатулла Тарази» мешітінде қала және ауданда құрылған «Әжелер мектебінің» жиыны өтті.
Шараға Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласының ақ жаулықты аналары қатысты. Кездесуде жұмыс жоспары талқыланып, қоғамдық мәселелер ортаға салынды.
Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев карантин уақытында, жиын, ауқымды шара жоқ кезде жүзі нұрланып, көненің көзіндей жарқ ете қалған әжелерді көріп қатты қуанғанын жасырмады. Алдағы уақытта байланысты үзбей, бірге жұмыс істеуге шақырды.
«Сіздер мешіттен діни білім алдыңыздар. Сол ілімді жас отбасылардың шаңырағын сақтап қалуға, жастарды тәрбиелеуге жұмсасаңыздар нұр үстіне нұр болар еді. Ажырасып жатқан отбасыларды жарастыратын ақылшы болып, қазақтың дәстүрін жаңғыртасыздар деген сенімдемін» деп атап өтті.
ҚМДБ Жамбыл облыстық өкілдігі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаева «Әжелер мектебінің» негізгі мақсаты жайлы тілге тиек етіп, рух берерлік сүбелі сөз сөйледі. Сонымен қатар ұйымның төрайымы Жәмила Жұмабаева ұсынысын жеткізіп: «Әжелер арасында қолынан өнер тамған ісмерлер көп. Ұлттық бұйымдар мұражайын ашсақ», – деген тілек білдірді. Ол әрбір апаның мәйіт жуу, мирам суы, кебіндеу сынды нәрселерді білуі тиіс екенін алға тартты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
asyldin.kz
17.11.2020
2929
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру