Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алтынбек Ұтысханұлы Сарыағаш медресесінде болды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 16.11.2020 3021 0 пікір
Алтынбек Ұтысханұлы Сарыағаш медресесінде болды

Түркістан облысындағы «Сарыағаш медресе» колледжіне арнайы барып, ондағы ұстаздармен кездескен Алтынбек Ұтысханұлы дін саласы кадрларын Атырау облысында еңбек етуге шақырды.

«Діни кадр мәселесі Атырауда әр кез өткір болып келді. Атырау облысы сауатты мамандарға әлде де болса мұқтаж. Мүлде діни кадр жоқ ауылдар да бар. Кездесу барысында өңірдегі діни ахауал, мамандарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау және өзге де өзекті жайттар талқыланды» Атырау облысының бас имамы дейді Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, Атырау облысында бүгінде барлығы 33 мешіт жұмыс істейді. Қала және аудандарда орналасқан мешіттерді жоғары білімді діни кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру