Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Күршім мешітінде жиналыс өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 16.11.2020 3079 0 пікір
ШҚО: Күршім мешітінде жиналыс өтті

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық орталық мешітінде жиын өтті. Жиналысқа аудан көлеміндегі ауылдық мешіттердің имамдары, аудандық орталық мешіттің қызметкерлері қатысты.

Жиында ауыл мешіттерінің қысқы дайындығы пысықталды. Сонымен қатар жылдық есеп беруге әзірлік және онлайн насихат шарасын жүйелі жүргізу, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру сынды мәселелер талқыланды.

Күршім аудандық мешітінің бас имамы Тілейбек Соянұлы: «Аудан бойынша мешіттердің қысқы маусымға әзірлігі толықтай тексерілді. Қазіргі кезде мешіттер қысқа толық даяр деуге болады. Бірқатар мешіттерге жөндеу жұмыстары жасалды. Алдағы уақытта карантин талаптарын сақтай отырып, онлайни насихат шарасын жүйелі жүргзуіміз керек» деп атап өтті.

Ол сонымен қатар дін қзыметкерлеріне өз қызметтеріне аса жауапаты қарап, халықтың сауалдарына жауап беру шарасына мұқият болуды тапсырды. Жиында ауыл имамдарынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Басқосуда имамдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру