Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Қарабалықтағы қайырымдылық акциясы

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 16.11.2020 2727 0 пікір
Қостанай: Қарабалықтағы қайырымдылық акциясы

Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы «Ғашура ана» мешітінде облыс бойынша жүргізіліп жатқан «Көшпелі керуен» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Шараға «Ақбидай-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жеке кәсіпкер Г.Айтказина және мешіт жанашырлары үлес қосты.

Осылайша аудандағы тұрмысы төмен, көпбалалы т.б. көмекке мұқтаж 30 отбасына азық-түлік қоржыны таратылды. Қарабалықтық бауырлар әлеуметтік жағынан қолдауға мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, сауапты істе ауызбіршілігін көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру